Получение сертификата

тг.

LOTUS THAI SPA – әлеміне хош келдіңіздер!

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕР

Уақыт Бағасы
1 сағат 12 000 тг
2 сағат 17 000 тг

Төрт қолмен дәстүрлі ТАЙ массажы

Төрт қолман жасалатын бұл массаж денеңізді сондай нәзіктендіріп ,ғажайып көңілге бөлейді.

Бұл массаж түрі жарасымды биге ұқсап, денеңізді толық босаңсытады.

Бір денеге  жасалған екі массаждың әсерін аласыз.

Төрт қолмен жасалатын бұл массаж техникасы ағзадағы қан айналуын және зат алмасуын күшейтіп, стресстен арылтады, себебі екі қолмен жасалатын бұл массаж денеңізді  екі есе рахаттандырады.

 Дененің босаңсуы соншама,  кейді бір адам жасап жатқандай сезінесіз.

Уақыт Бағасы
3 сағат 42 000 тг

ТАЙ рахаттануы

Нағыз патшалық массажға келесі бағдарлама жатады:

-хамам немесе сауна

-дәстүрлі ТАЙ массажы

-майлы массаж+ыстық  шүберекке түйілен  ТАЙ шөптерінің қосындыларымен массаж

Бұл массажды  екі маман жасайады.Толық рахаттанып, денені қалпына келтіріп, сауықтыруға және ажарландыруға кепілдік.

Уақыт Бағасы
2 сағат 14 000 тг

Голд шейп майымен целлюлитке қарсы және дене бітімін түзетуге арналған массаж

Бұл массаж түрін аптасына 1-2 реттен 5 сеанс алуын ұсынамыз. Бұл массаж алу үшін алдын-ала жазылған абзал. Егер уақытында келе алмасаңыз біз сізге өзіңізге тиімді уақытқа жазамыз. Массаждың барлық түрлері тиімді, бірақ дұрыс нәтежие болу үшін тамақтану жүейесі дұрыс болу керек. Алынған калорияның мөлшері  жұмсалған күшке сәйкес болуы керек. Целлюлитке қарсы массаж алардың алдында кемінде 1 сағат тамақтанбау керек. Бұл массаж майлы массажбен аяқталады.

Уақыт Бағасы
2 сағат 19 000тг

Будда батасы

«Stone» ағылшын тілінен аударғанда – тас деген мағананы білдіреді, ал таспен массаж жасау, бұл емдік және жылулық массажының түрі, ол адамдарды «тастай» түзеп, табиғи энегриямен  толтырады.

-қатты шаршаған денені босаңсытуға

-нерв жүйесінің және бұлшық еттердің кернеуінен арылуға

-дағдарыс және күйзеліс кезінде ағзаны тыныштандыруға

-нерв жүйесін қалпына келтіруге

-қан қысымын нормаға кетіруге

-тыныс органдарын жүйеге келтіруге

-ағзаның уланған кезінде  – ыстық таспен массаж жасаған пайдалы.

Ыстық таспен массаж жасағанда денедегі суықты айдап, қызуын күшейтеді, дененің зат алмасуы күшейіп, адамның иммунитетін көтереді.

Ыстық таспен массаж кезінде LOTUS THAI SPA  салонының қонақтарын тастың қызуына, мамандардың шеберлік қимылына бөлеп, тиыштық пен сабырлыққа, денені керемет дүниеге батырады.

Уақыт Бағасы
1 сағат 8 000тг
2 сағат 12 000 тг

Сиам шабыты

Шығыс халықтарының озық ойлы өкілдері де денсаулық саласына үлкен көңіл бөліп, тән тазалығына, жан саулығын аса мән берген.

Бұл массаждың ерекшелігі – массажды тек қолмен ғана емес, сол сияқты аяқпен де жүргізетінінде. Көп елдерде бұлайша массаж жүргізу монша қабылдай отырып атқарған денсаулыққа пайдалы деп есептеледі. Мұндай массаж өте пайдалы және ол адамның ішкі органдарының түрлі аурулардан зардап шегуін болдырмайды.
Аяқпен массаж жасау қазіргі кезде біздің елімізде де жиі-жиі жүргізілетіні белгілі. Жасы ұлғайған ата-аналарымыз үй шаруасынан немесе дала жұмыстарынан шаршап, белі ауырып келгенде мектеп жасындағы балаларына, немерелеріне арқасын, белін бастырып, уқалатып жеңілденіп қалатынын жиі кездестіретінбіз.

Бұл массаж әсіресе жүргізушілерге, спортсмендерге өте пайдалы. LOTUS THAI SPA  салонындағы бұл массаждың түрі- дәстүрлі ТАЙ массажының толық классикалық жиынтығы болып табылады

Уақыт Бағасы
30 минут 4000 тг
1 сағат 7000 тг
1,5 сағат 10 000 тг

Жеңіл аяқ

ТАЙ мамандары адам ағзасына жағымды массаждың түрі –  ол аяққа массаж жасау деп есептейді.Ол бүкіл денеге әсерін тигізеді. Аяққа массаж – шаршағанда жасайтын массаждың таптырмайтын түрі. Рефлексология қағидаларына сәйкес, аяқ табандарында ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Аяқтарды уқалау сияқты қарапайым әрекет дененің әр түрлі мүшелеріндегі ауру туралы ұмытуға көмектеседі. Айрықша аймақтарға әсер етудің арқасында ішкі органдарға қан ағыны келіп, денсаулыққа қатысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Уақыт Бағасы
1 сағат 11 000 тг
1,5 сағат 14 000 тг
2 сағат 17 000 тг

Жүкті әйелдерге арналған майлы массаж

Жүктілік – әйел өміріндегі ерекше кезең. Болашақ аналарға тоғыз ай баласын құрсағында көтеріп жүру, өміріндегі қайталанбас ерекше кезең болып көрінеді. Әйелге табиғат сыйлаған сыйдың ішіндегі ең керемет жағдайына аса назар аудару керек.  Әйел осы кезеңде өзінің ағзасындағы бірқатар физиологиялық өзгерістерді байқайды.

LOTUS THAI SPA  салоны жүкті әйелдерге бойындағы кернеулікті шешіп, ыңғайсыз түйшіктерді азайту үшін массаж арқылы жеңілдік сыйлайды. Бұл майлы массаж белдегі және мойындағы  бұлшық еттерді босаңсытып,қан айналымын күшейтіп, көңіл-күйіңізді жақсартады.

Массажды қырынан  жатқызып жасайды.Мамандардың қолдары жұмсақ әрі нәзік қимылмен беліңізді, мойын- жаға аймағын, басыңызды сылап береді.

Жүктіліктің дұрыс өтуі үшін бірінші үш айлықта  бұл массаж ұсынылмайды, ал бұл массаждың пайдасы әрине қан айналымын жақсартып, бұлшық етті босаңсытады.

Массажды қолдануға болмайтын жағдайлар:

– жүкілікті жүргізетін дәрігердің нұсқауы бойынша

– жеріктік

– тұмау ауруы

– инфекциялық аурулар

Массаждың нәтежиелі болуына кем дегенде 5 массаж  алу керек.

Уақыт Бағасы
1 сағат 11 000 тг
1,5 сағат 14 000 тг
2 сағат 17 000 тг

Мұхиттай сезім

Босаңсу массажы-рахатты минуттар.Жұмсақ мануалды терапия, бұлшық еттердің және нүктелі массаждың бірлестігі. Өз қалауыңыз  бойынша алынған  хош иісті маймен денеңізді сылап-сипап, ысқылап береді . Майлар теріні жұмсартып, ылғандадырып жібектей нәзіктік сыйласа, оның хош иісі көңіл-күйіңізді жақсартады, дағдарыс пен күйзелістен шығуға, бас ауруы кезінде  көмектеседі.

Массаждың кепілділігі – дене босаңсып керемет дем алады.

Время Цена
1 час 12 000 тг

Гүлденген лотос

Бұл бағдарламаға бет терісін тазарту, скраб, маска, массаж жасау жатады. Осы бағдарламаның ерекшелігі ТАЙ шөптерінің қосындысымен жасалатын нүктелік массаж. Бұл терінің толық босаңсуына және қалпына келтіруіне берілген кепілдік.

Уақыт Бағасы
2 сағат 14 000 тг

Ерекше ТАЙ массажы

Дәстүрлі ТАЙ массажы + шүберекке түйілен  ТАЙ шөптерінің қосындыларымен «түйгіштік».

Ертеден келе жатқан, осы күнге дейінгі талапты массаждың түрі. Он шақты шөп түрінен жасалған бұлау. Бұл «түйгіштіктің»  ішінде кем дегенде тау зімбірі, кафр лаемы, хош иісті куркума, пачули,камфора өсімдіктері бар.

Тайланда осындай «түйгіштіктерді» ТАЙ шеберлері жасаған. Шөп жиынтықтарының иісі тұмау кезінде, бас ауырғанда, қатты шаршаған кезде таптырмайтын ем.

Массаж тәсілінің әдісі, осы «түйгіштіктермен» ағзаның биологиялық белсенді нүктелеріне әсер   ету. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Қортындысында аурған жер басылып қана қоймайды, сол жерде қан айналымы жақсарады.

Бұлшық еттер босаңсып , ағзада зат алмасу күшейеді . Емдік шөптер аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып, тері солып қалмау үшін қолданылады.

Массаждан кейін адамның денесі сергіп, рахаттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады.

Уақыт Бағасы
2 сағат 20 000 тг

ТАЙ жан жарасымы

Ыстық маймен жасалған бұл массаж денені 100% босаңсытып,теріге тамаша әсер береді.

Мамандар қолымен жасаған майлы массаж  ағзаны жылулыққа толтырады.

Дәстүрлі  ТАЙ массажы сияқты – майлы массаж бұлшық еттерді босаңсытып, сылап-сипап, уқалау арқылы теріңізді  жұмсартып ылғалдандырады және нәрлейді. Әсіресе күздің салқын және қыстың суық күндерінде өте пайдалы.

Уақыт Бағасы
30 минут 6 000 тг
1 сағат 8 500 тг
2 сағат 17 000 тг

Емді шөптер бальзамымен арқаға ТАЙ массажы

Арнаулы жылытқыш бальзамымен арқаға ТАЙ массажы.

Бел, омыртқа, бұлшық еттер ауырғанда өте пайдалы.Бұл массажда арнайы ТАЙ шөптерінен жиналған жылы бальзам қолданылады. Жылу адам ағзасына терең сіңіп, бұлшық еттерді босаңсытып, ауырған жерге шипа береді.

Уақыт Бағасы
2 сағат 22 000 тг

«Бас жазу» бағдарламасы

Қуанышты және салауатты өмірге әкелетін, жаңа өмірге жетелейтін –  бағдарлама. Бұл массаждан кейін Сізге бәрі де жеңіл сияқты болып көрнеді. Денсаулығыңыз күшейіп,өмірге деген сеніміңіз артады, барлық істеріңіз өз-өзінен шешілетін сияқты болып көрінеді.

СПА- бағдарламасына мыналар жатады:

-денеңізді хамамда немесе саунада жылытады;

-мәрмәр үстеліне жатқызып денеңізді терең тазартады;

-дәстүрлі ТАЙ массажын немесе майлы массаж жасайды – 1 сағат;

– бас,мойынға массаж -30 минут;

-сыйлыққа ТАҢ сусынын тартады.

Уақыт Бағасы
1 сағат 12 000 тг

Бет терісіне арналған массаж

Біздің салонда сіздің бетіңізге нәр беретін *Голден шейп для лица* майымен жағымды массаж жасап, бет терісіне дымқылдық пен ажарлық сыйлайды. *Екінші иекті* кішірейтіп,

бет терісі  астындағы май көлемін азайтуға себеп етеді.

Уақыт Бағасы
1 сағат 15 000 тг
2 сағат 22 000 тг

Төрт қолмен жасалатын майлы массаж

Хош иісті майлармен жасалатын босаңсу массажы.

Бүкіл денені босаңсытып, дене тонусын көтеретін, төрт қолмен, хош иісті маймен жасалатын уқалау массажы.

Бұл массаж денені босаңсытып, күнделікті мәселелерден арып, сиқырлы дүниеге батырады.

Майлы массаж ішкі энергияны жандандырып, денені табиғи күшпен толтрады.

Біздің салонның массаж шеберлері жеңіл әуенмен, хош иісті майлармен сізге және теріңізге нәр беріп, бұлшық еттерді босаңсытып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Майлы массаж рәсімінен кейін сіз таңғажайып күйге енесіз, кермет жеңілдік сезініп, ой-санаңыз жаңарады. Майлы массажды тақтай төсектің үстінде жасайды.

Хош иісті майлар жан-тәніңізді жаңартып, бойда ширақтық аңғартып, ұйқысыздықтан арылтып, иммунитетіңізді көтереді. Өзіңізге хош иісті маймен босаңсу массажын  сыйлаңыз!

Уақыт Бағасы
2 сағат 17 000 тг

Лотос нәзіктігі

Майлы массаж + ыстық шүберекке түйілген ТАЙ шөптерінің қосындысымен уқалау.

Керемет босаңсу массажы.Денені рахаттандырып, көңіл-күйді көтереді.

Адамды  тыныштандырып, зат алмасуына әсер етеді.

Бұл массаж дене терісіне өте пайдалы.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕР

©2016 Все права защищены Разработанно
веб-студией Motive